KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

Алакөлде демалуға шектеу қойылған жоқ

27.06.2020, 06:10 473

Өскемен мен Семей қалаларында карантин шараларының күшейтілгенімен, Алакөл демалыс базалары демалушыларды қабылдай береді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы мәлім етті.

ШҚО-дағы ең танымал көлдегі демалыс базалары 13 маусымнан бастап ашылған болатын. Қазір ол жаққа көліктің барлық түрлері жүріп түр: пойыз, ұшақ, автобус.

Демалыс базаларында барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. Демалушылар әлеуметтік ара қашықтық пен маскалық режимді сақтауға, антисептик қолдануға тиіс.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алакөлде демалу үшін Covid-19 инфекциясына тест тапсырып, анықтама алып келу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу