KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Алакөлде 175 демалыс базасы бар. Талап орындалмаса жұмысқа рұқсат жоқ

10.06.2020, 04:44 136

Бүгінде облыстағы бір ғана Алакөл демалыс аймағында 175 демалыс базасы бар және онда он мыңнан астам адам қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

72 базаның екеуінде ғана демалушылар көп шоғырланатын жерлердегі кезектілікті белгі сызықтар арқылы реттеу жолға қойылған болса, 20-сы байланыссыз термометрмен, 31-і санитайзермен, 41-і дезинфекциялық құралдармен қамтылған.

Сонымен қатар база аумағында орналасқан ойын және сәулет нысандары дезинфекциялық залалсыздандырылмаған, санитарлық қауіпсіздікті, демалуға келген адамдармен сауалнама жүргізуді қадағалауға жауапты тұлғалар бекітілмеген.

Қазіргі уақытта Алакөлдегі 175 демалыс базасының бірде-біреуі 2020 жылғы туристік маусымға толық дайын екендігін растайтын акт алған жоқ.

Сонымен қатар демалушылар Алакөлге келген кезде экспресс-тесттің немесе ПЦР-дің нәтижесін көрсетуі тиіс. Коронавирусқа тестті бір отбасында бір ғана адам тапсыра алады.

- Демалыс базаларының қызметкерлері өздеріне жүктелген талаптарды орындамай жұмыстарын бастамайды. Санитарлық талап сақталмайынша, демалушыларды қабылдауға тыйым салынады.

-Бір жұма уақыт бар. Бір жұманың ішінде тапсырылған жұмыстарды орындайтындарыңызға сенемін,-деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу