KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Бесқарағайдағы дәріханаларға мониторингі жүргізілді – ШҚО

21.07.2020, 05:54 176

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданындағы дәріханаларға рейд жүргізілді. Мониторингтік топ қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және бағасын байқап қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шара «Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының төрағасы Ш.Байбековтың тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр. Арнайы топтың құрамына аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының маманы кірді.

Тексеру барысында дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына және олардың бағасына, сондай-ақ халыққа сату ережелеріне мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде тұрғындар тарапынан бактерияға қарсы, ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы дәрілер мен антикоагулянттарға деген сұраныс жоғары екені анықталды.

Енді аталмыш іс-шара дәрі-дәрмек бағасының өсуіне жол бермеу және аудан тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында аптасына екі рет өткізілетін болды. Ал жергілікті атқарушы орган жетіспей жатқан дәрі-дәрмектерді алу үшін Семей қаласындағы медициналық препараттардың көтерме сауда қоймаларының басшылығына сұраныс жолдады.

Айта кетейік, дәл осындай іс-шаралар аймақтағы өзге де аудандарда жалғасады. Ол туралы мағлұматтарды кейінірек ұсынамыз.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу