KZ
Өскемен
-32°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Семейде 34 жастағы ер адам бір айдан бері хабар-ошарсыз кетті

20.07.2020, 06:56 260

Андрей Македоновтың жақындарының айтуынша, 15 маусымда ол 10 тәулікке қамауға алынған, тұтқындалғаннан кейін оны ешкім көрмеген. Содан бері әлі күнге дейін ешқандай хабар жоқ.

Ал туған-туыстары болса, оның аман-есен оралуын тілеп, алаңдап отыр.

LIDER.KZ еріктілерінің ақпараты бойынша, Андрей Македоновтың бойы 170 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара, иығында татуировкасы бар. Жоғалған күні Семей тұрғыны футболка, спорттық шалбар мен спорттық аяқ-киім киген. Жоғалған ер адамның орналасқан жері туралы ақпарат білетіндер бұл туралы 102 арнасына немесе 8-749-349-57-17, 8-771-349-57-17 нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу