Киелі жерлер картасына Қоңыр-Әулие үңгірі, Шілікті аңғары мен Ырғызбай ата кесенесі енді
Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстанның киелі жерлер картасына Қоңыр-Әулие үңгірі және Шілікті аңғары, Берел қорғандары мен Ырғызбай Досханаұлының кесенесі енді.
«Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлер картасын әзірлеу барысында сарапшылар 37 басым жобаны таңдады. Қазіргі сәтке картаға төрт нысан ғылыми негізделген түрде және сипаттамасымен енгізілді: ол Абай ауданындағы Қоңыр-Әулие үңгірі, Шілікті аңғары мен Берел қорғандары, Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай Досханаұлының мавзолейі, - дейді Тарих және құжаттандыру орталығының директоры Гүлнұр Қасымова.
Оқи отырыңыз