KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жаңа оқу жылындағы білім берудің үш нұсқасы

13.07.2020, 05:14 210

Білім және ғылым министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жаңа оқу жылында білім берудің үш нұсқасын қарастырып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Олар:

· қашықтан оқыту;

· аралас: мектепте және қашықтан оқыту;

· қатаң санитарлық шектеулерді енгізе отырып, мектепте оқыту.

Қашықтан оқыту. Шалғайда орналасқан, қауіпсіз елді мекендердегі мектептерден өзгесінде оқушылар қашықтан білім алады, яғни үйде оқиды (өткен оқу жылының төртінші тоқсанында балалар осы форматта білім алды).

Аралас. Белгілі бір сыныптар қашыққан оқумен қатар мектепке барып та білім алады. Бұл жағдайда келесі шектеулер болуы тиіс: міндетті түрде баланың температурасы өлшеніп, мектептерде санитайзер қойылады. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық сақталуы керек. Сабақтар, шағын топтар қысқарып, кабинеттік оқу жүйесі болмайды. Яғни, бір сынып барлық сабақты бір кабинетте оқуы тиіс.

Қатаң санитарлық шектеулерді енгізе отырып, мектепте оқыту. Балалар мектепте оқыса да, үзіліс, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйені алудан бастап, асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары енгізіледі.

Кез келген сценарийге дайын болу керек. Шартты түрде қашықтан оқытуды бастасақ та, бұл оқу жылы бойы жалғасады деп ешкім болжай алмайды, – дейді министр Асхат Аймағамбетов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу