KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да коронавирус инфекциясын тағы 23 адам жұқтырған

29.05.2020, 03:18 169

Олардың 19-ы – Семей, 3-еуі – Өскемен, 1 науқас Риддер қаласының тұрғыны.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 21 науқас бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлғалар, қалған екеуі шет елден (РФ) келген бетте тексеруден өткен Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Ал Риддер қаласы тұрғынының жағдайы карантин және тексеру орны бойынша Шемонаиха ауданына жатқызылды.

- Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Айта кетейік, облыста тіркелген 97 КВИ жағдайдың 12-сі сырттан әкелінген, 85 – жергілікті жағдай, оның ішінде Өскеменде 11, Семейде 76 жағдай, Шемонаиха ауданында сырттан әкелінген 5, Глубокоеда 2, Абай, Тарбағатай және Аягөз (сырттан әкелінген) аудандарында 1 жағдайдан тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу