Семейде 4 бала пәтерге қамалып қалды
Семейде төрт бала пәтерге қамалып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Төрт баланың анасы бір сәт дүкенге шығып кеткен. 2009, 2012, 2014 және 2016 жылғы бүлдіршіндер пәтерде қалған. Дүкеннен үйге қайта оралған ана есікті аша алмай қойған. Бұзылып қалған құлыпты балалар да іштен аша алмапты.
«Семей қаласының құтқарушыларына балалардың пәтерде қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға дереу жеткен қызметкерлер құлыпты сындырып, есікті ашты», – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.