Семейде жабық пәтерден 5 бала құтқарылды
Семейдің құтқарушылары жабық пәтерден 5 баланы құтқарды. Кішкенесі 2018 жылы туған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
№2 жасақтың кезекші телефонына Селевина көшесінде жабық пәтердегі 5 баланы құтқару керектігі туралы қоңырау түседі.
Арада аздаған уақыт өткенде құтқарушылар аталған мекенжайға келіп, есікті аша алмай, екінші қабатқа сатымен шығады. Балконнан үйге еніп, есікті ашады.
Балалар анасы жоқта есікті іштен жауып алыпты. Аша алмай абыржыған ана құтқарушыларды көмекке шақырған.
Құқарушылар сөзінше, балалардың жағдайы жақсы. Өздерін жақсы сезінеді.
Оқи отырыңыз