KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Күршім ауданына өкпені жасанды желдететін 10 аппарат әкелінеді

15.07.2020, 10:08 185

Күршім ауданының аудандық ауруханасына өкпені жасанды желдететін жаңа 10 аппарат әкеледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Күршім белсенділері өкпені жасанды желдететін 10 аппаратқа тапсырыс берді. Құрылғының бағасы – 250 000 теңге. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше сағат бұрын бір тәулік ішінде үш миллионға жуық қаражат жинаған аудан жұртшылығы туралы жазған болатынбыз. Сөйтсек, бір жарым тәулікте күршімдіктер төрт миллионға тақау қаражат жинапты. Оның екі жарым миллионын аппаратқа жұмсаған. Ал қалған қаражатқа дәріханаға қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныс костюмдерін алмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив