KZ
Өскемен
-29°
плотный туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Екі қылмыскерді ұстаған шығысқазақстандық Архат «Халық Алғысы» медалімен марапатталды

24.06.2020, 05:06 158

 «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумы аясында әскери қызметтегі сержант Архат Ермұхамедов коронавирусқа қарсы күрестегі ерлігі үшін Президент бекіткен арнайы «Халық Алғысы» медалімен марапатталды, деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай кезінде Архат заңның үстемдігін сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында Семей қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп патрульдік қызметте болған.

Сол күндері, атап айтқанда үстіміздегі жылдың 18 және 20 сәуір күндері бірлескен күзет нәтижесінде сержант Архат Ермұхамедов өз өмірін қатерге тігіп, екі қылмыстың алдын алды.

Екі жағдайда да күдікті қылмыскерлер қашып кетуге тырысқан. Бірақ Архаттың физикалық дайындығының арқасында заңбұзушылар ұсталып, полиция органдарына табысталды. Заңбұзушылардың бірі ұрлық жасамақ болса, екіншісі адам денсаулығына зиян келтірген.

Дегенмен мұндай марапатқа қол жеткізген сержант Архат Ермұхамедов өзін анау айтқандай «ерлік жасаған батырмын» деп есептемейді. Оның айтуынша, кез келген әскери адам өзінің орынында дәл осындай шараларды қабылдап, қылмыстың жолын кесер еді.

Архат қылмыскерлерді ұстау кезінде ең бірінші Отан алдындағы борышы пен сүйіспеншілік сезімін басшылыққа алғанын айтады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу