Азық-түлік дүкенін тонамақ болмақ Семей тұрғыны ұсталды
Азық-түлік дүкенін тонамақ болмақ Семей тұрғыны ұсталды. Баукеспе кассадағы ақшаны ұрламақ болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері – аға сержант Роллан Серіков пен сержант Руслан Секенов қаскөйдің үстінен түсіп, қамауға алды.
– Азық-түлік дүкенінің жанынан өтіп бара жатқан әскери қызметкерлер әлдебір дыбысты естіген. Жақындап келіп, әлдекімнің дүкен есігін бұзып ашқанын көреді. Ұрыны тура қылмыс үстінде ұстап, полиция шақырған, – деп мәлімдеді өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі.
Қылмыскердің қалтасынан ұрланған ақшалар тәркіленді.
Айта кетейік, Семей қосымша шектеу шаралары енгізілгеннен бастап полицейлер мен Ұлттық гвардия жауынгерлері халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қала көшелерін патрульдеуде.