Қазақстанда ыстығы көтеріліп тұрған екі абитуриент ҰБТ-ға кіргізілмеді
Ыстығы көтеріліп тұрған екі абитуриентті ҰБТ-ға кіргізбеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлім етті.
- Кеше тест тапсыруға келгендердің арасында екі абитуриенттің ыстығы көтеріліп тұр екен. Сәйкесінше, бұлар ҰБТ-ға кіргізілмеді. Оларға басқа күні бөлек аудиторияда жеке тестілеу ұйымдастырылады. Егер тест тапсырушы вирус жұқтырғандармен байланысты болған адам болса, онда оған КВИ нәтижесі расталмаған анықтама алып келу қажет, - деді Наужан Дидарбекова.
Бұл екеуінен бөлек тағы бірнеше абитуриент ҰБТ-ға жіберілмеген екен. Олар тестілеуге тыйым салынған заттарды алып өтпек болған. Атап айтқанда, ҰБТ-ға кірігізілмегендер саны – 73, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін тестілеуден шығарылғандар – 91. Барлығы - 164 абитуриент.