14 млн теңге - жемқорлық туралы хабарлағандарға
2020 жылы жемқорлық фактілері жайлы хабар берген 87 қазақстандыққа 13,7 млн теңге ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті.
«Өз тарапымыздан жемқорлық факттері туралы хабар берген немесе қылмысты ашуға атсалысқан азаматтарға ақшалай сыйақы берілетінін еске салғым келеді. Айыптыға қатысты сот үкімі мен қаулысы шыққан кезде ғана ақша беріледі», - деді Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.
Оның айтуынша, биылғы бес айда жемқорлық туралы хабар берген 87 адам 13 млн 776 мың теңге берілген.