KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
504.34 556.34 5.97

ШҚО полицейлері аса ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты

16.06.2020, 11:04 163

22 миллион теңгеден астам соманы ұрлап кеткен пәтер ұрыларын ШҚО полицейлері ұстады.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ақша ұрлау фактісі бойынша Өскемен қаласының 102 жедел каналына хабарласып, шағымданған.

Тергеу барысында 1 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер жәбірленушінің Нұрмағанбетов көшесіндегі пәтеріне заңсыз кіріп, жатын бөлмесінің пластик терезесін бұзып, жатын бөлмедегі металл сейфінен 59,000 АҚШ доллары мөлшеріндегі қолма-қол ақшаны жымқырғаны анықталды. Нәтижесінде пәтер ұрылары 22,5 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар 30-32 жастағы ШҚО-ның 3 тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауда отыр. Шабуыл жасағандардың бірі Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторына, қалған екеуі Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Ұрлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу