Алтай ауданының ауылында ШҚО-ның киелі орындарына фотосаяхат жасады
Алтай ауданының Соловьево ауылында ШҚО-ның киелі орындарына фотосаяхат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тур ауылдың ішінде онлайн режимде өтті.
«Жер сыйы» деп аталатын фотосаяхат «Рухани жанғыру» бағдарламасының аясында өтіп отыр. Оны ауылдық клубтың мүшелері ұйымдастырған екен. Фотосаяхаттың мақсаты – облыс тұрғындарының аймақтың тарихына, рухани-мәдение құндықытары мен киелі орындарына деген қызығушылықтарын ояту.
Клуб «Одноклассники» және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында оқырмандарына Марқакөл көлін, Берел қорымын, Қиын-Керіш жоталарын, Қоңыр Әулие үңгірін таныстырып, баяндайды. Олардың өлке туралы бейнеролигі көрермендердің көңілінен шығып отыр.