ШҚО әкімі: «1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді»
Шығыс өңірінің әкімі Даниал Ахметов облыста 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй, соның ішінде Семейде 242 мың метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.
– Абай облысында 865 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар, Семейдегі әуежайды жаңғырту аяқталды. Енді аталмыш әуе айлағы Қазақстандағы маңдайалды нысандардың бірі болды, – деді облыс әкімі.
Даниал Ахметовтың айтуынша, жаңадан құрылған Абай облысы табысты даму үшін барлық қажетті әлеуетке ие.
– Тамыз айында екі облыстың бюджеті бөлінеді. Абай өңірінің қажетті әлеуеті мен білікті кадрлары бар. Бұл өте табысты өңір болады деп ойлаймын, – деді ШҚО әкімі.