KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

ШҚО тұрғыны жылыжайда «шөп » өсірген

10.06.2020, 06:03 433

Семей қаласының тұрғыны жылыжайда қарасора (конопля) өсірген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ел аумағында 1 маусымнан бері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Аталмыш шара 30 қазанға дейін жалғасады.

– Тәртіп сақшылары Водный елді мекенінің 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жер үйдің ауласындағы жылыжайда қарасора тұқымдас өсімдік өсірген. Барлығы 38 түп қарасора тәркіленді. Есірткілік заттың салмағы 7 келіден астам болды, – деп мәлімдеді Семей қаласының полиция басқармасы.

Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу