ШҚО тұрғыны саяжайда «шөп» өсірген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз саяжайында қарасора (конопля) өсірген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұлан ауданындағы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында саяжай учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірумен айналысқан Қасым Қайсенов кентінің тұрғынын ұстады. Тінту кезінде 19 түп қарасора және кептірілген марихуана табылды.
– Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 12 келіден асады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ол қылмыстық кодекстің 296 бабының 4-бөлігі және 300-бабы бойынша айыпталады. Яғни 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.