KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
503.9 603.32 6.61

Даниал Ахметов: "Күнбағыс майының экспорты 30%-ға артуы тиіс"

14.07.2022, 15:56 578

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов майлы дақылдар экспортын арттыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Фермерлер күнбағыс өсірумен белсенді айналысып келеді. Өңірде жақында екі суперзаманауи өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл күнбағыс майының экспортын 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз экономиканы әртараптандыру. Фермерлер өз өндірісін дамытуға мүдделі. Көбісі майлы дақылдар егісін ұлғайтып, өңдеу цехтарын салуда. Мысал үшін біз өнімді Қытайға экспорттай аламыз, - деді ШҚО әкімі.

Естеріңізге саламыз, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімінің брифингі өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу