KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
508.3 592.17 6.63

Найзағайдың жарқылынан Зайсанда шөп өртенді

5.06.2020, 10:38 286

Зайсан ауданында найзағай түсіп, қураған шөп өртенді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалын үлкен аумаққа таралған екен.

Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, өрт 3 маусымда Қаратал ауылдық округінің Елеке учаскесінде түнгі сағат он екі кезінде басталған.

Дала өртін сөндіруге жергілікті органдар мен шекара қызметінің өкілдері келді. Сондай-ақ, өрт сөндіру қызметінен 7 адам жіберілді.

Қатты желдің салдарынан жалын тез таралып кеткен. Жалпы аумағы 30 гектар жерді құрады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу