KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам ауру белгілерімен анықталды ⠀

14.06.2020, 07:01 207

Науқастардың ішінде 9 адам Семей, 6 - Өскемен қаласының, 2-еуі Үржар ауданынан және 1 әйел адам Ұлан ауданының тұрғыны.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 6 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, пневмония белгілерімен түскен 2 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, қалған 10 науқастан температурасы көтеріліп, денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өз өтініштерімен келгенде анықталды.

Қазіргі уақытта науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 252 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 106.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу