ШҚО-ның туристік аймақтарында 17 жаңа дәретхана салынады
Туристердің ыңғайлы жағдайда демлуы болуы үшін заманауи дәретханалар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ШҚО бойынша туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукова биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыстың туристік рекреациялық аудандарында 17 дәретхана салу жоспарланғанын айтты. Олардың бесеуі Алакөл көлінде, тағы бесеуі Катонқарағай аудандық ұлттық саябағында болады.
Сондай-ақ, Абай ауданындағы Қоңыр-Әулие үңгірінің жанында, Сібе көлдеріндегі муниципалды жағажайда, Глубокое ауданындағы «Алтай Альпісі» тау шаңғысы курорты жанында, сондай-ақ Тарбағатай ауданындағы Ырғыхбай ата ескерткіші маңында санитарлық-гигиеналық құралдар орнатылады.
- Санитарлық-гигиеналық қондырғыларды ұйымдастыру жобасы Туризм индустриясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, облыста шамамен 70 жаңа дәретхана орнату жоспарланған. Айта кету керек, олардың барлығы заманауи, стационарлы, су және электрмен жабдықталған. Эскизді Kazakh Tourism компаниясы әзірледі, - деп атап өтті Инара Бодукова.
Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 17 дәретхананың құрылысына және орнатылуына шамамен 100 млн теңге бөлінген. Санитарлық-гигиеналық қондырғыларды орнату үшін туристер көп келетін ең маңызды жерлер таңдалып алынды.