KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған ⠀

2.06.2020, 03:24 244

1972 жылғы Тарбағатай ауданының, Аягөз ауданына келген 1979, 1993 жылғы Қарағанды облысының тұрғындарынан және 2000, 2001, 1985, 1991 ж.т. Ресей Федерациясынан келген азаматтардан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тарбағатайлық науқас ер адамнан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде, 2 науқас өзге облыстан вахталық жұмысқа келген тұлға ретінде және 4 науқас шет елден (РФ) келген тұлға ретінде тексерілді.

- Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде, - дейді әкімдіктен.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 142 адам тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу