KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Әскерилер балалар күніне орай мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті - ШҚО

1.06.2020, 03:28 246

Халықаралық балаларды  қорғау  күні ҚР Ішкі істер министрлігінің  Шығыс  өңірлік әскери-тергеу басқармасы офицерлері әскери қызметкерлердің балаларын арнайы құттықтап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті.

- Олардың ішінде әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты аналар және тұрмысы төмен отбасылар бар. Яғни, біз  шынымен қоғамнан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға баса назар аударып,  ондағы  тәрбиеленіп жатқан балаларды мерекелерімен арнайы  құттықтап, көмек қолын созуды жөн көрдік. Неге десеңіз, балалар біздің ертеңгі  болашағымыз, - дейді Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Әскери-тергеу басқармасының  офицерлері   Семей гарнизонына қарасты әскери  бөлімдерде қызмет етіп жүрген  10 әскери қызметкердің отбасына  көмек көрсетті.

Тәттілермен қоса азық-түлікке толы  балаларға арналған базарлық қорабы тек кішкентайларды ғана емес,  ата-аналарын да қуантып тастады. Полковник Мухамед-Кали Карсыбеков  балаларға бақытты балалық шақ, ұмытылмас сәттер және зор денсаулық пен жарқын болашақ тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив