ШҚО-да блокпосттар әлі алынбайды
ШҚО бойынша бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта қалалар мен аудандарды шекараларындағы блокпосттар әлі алынбайтыны айтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соңғы аптада облыста коронавирус бойынша аурудың өсімі 1,7%-ды құрап отыр. Осыған байланысты карантин жағдайы 1 маусым сағат 7.00-ге дейін сақталады.
Сонымен қатар, қалалар мен аудандардың шекараларында тұрған блокпосттар әлі де алынбайды екен. Блокпосттан өту үшін рұқсат қағаздарын, саяжай құжаттары, жұмыс немесе медициналық анықтамалары болу керек. Бұрыңғыдай дене қызуы өлшеніп, аурудың белгілеріне қатысты сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Адамдарға маска тағып, екі метр қашықтық сақтау қажет.