ШҚО-да карантин маусымға дейін жалғасады
ШҚО-да карантин режимі 1 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін облыстың бас санитар дәрігерінің ресми қаулысы жарияланды. Коронавирус инфекциясының таралу жағдайына қарай карантиннің режимі мен мерзімі де өзгеруі мүмкін екен.
Айта кетсек, кеше мессенджерлер арқылы бас санитар дәрігердің 2020 жылдың 10 мамырдағы қаулысы таралған еді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл - жалған құжат.
Карантин режимін ШҚО аумағында ұзарту жайлы ресми құжат бүгін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы көруге болады.