KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, З
506.7 593.14 6.53

ШҚО әкімінің шектеу шаралары туралы қаулысы жарияланды

13.04.2020, 05:57 1 138

ШҚО әкімінің шектеу шаралары туралы қаулысы 11 сәуірде электронды үкімет сайтында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш қаулыға Даниал Ахметов 30 наурызда қол қойған екен.

Құжатта Өскемен мен Семейде 2 сәуірден бастап шектеу шараларын енгізу туралы айтылған: жолаушы көлігінің санын азайту, ал босаған көліктермен кәсіпорындардың жұмысшыларын тасымалдау, тәулік бойы үш ауысыммен полиция және әскери патруль ұйымдастыру, көшеде адамдардың (сағат 21.00-ден 5.00-ге дейін) және жеке көліктердің (рұқсат қағазы бойынша жұмыс күндері ғана) қозғалысына шектеу қою.

Жұмыс берушілер жұмысшыларын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруға, жұмыс орындарын сақтауға және ақылы демалыс беруге тиіс.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі үшін еріктілер мен жеткізу қызметінің жұмысы ұйымдастырылғаны туралы да айтылған.

Қаулының негізгі мәтіне екі қосымша бірге берілген: рұқсат қағаздарын беру және оларды қолдану, ШҚО бойынша сот, құқық қорғау, арнайы және әлеуетті органдарының тізілімі (барлығы - - 35).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу