KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да маска тағу режимі қатаң бақылауға алынады

12.05.2020, 16:35 222

ШҚО-ның бас санитар дәрігерінің қаулысында тұрғындар ғимараттардың ішінде және одан тыс жерде де тағып жүруге тиіс екені көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш құжатта қалалық және аудандық әкімдіктер маска тағу режимі мен халықтың қозғалыс кезінде әлеуметтік ара қашықтық сақтауын қадағалайтыны жөнінде айтылған. Облыс тұрғындарына маска тағумен қатар қолғап киюге кеңес беріледі.

Айта кетсек, облыстың бас санитар дәрігерінің ресми қаулысы жарияланып, карантин режимінің 1 маусым сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын. Коронавирус инфекциясының таралу жағдайына қарай карантиннің режимі мен мерзімі де өзгеруі мүмкін екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу