KZ
Өскемен
+10°
дождь жел 2 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Өскеменде тек екі жерде шомылуға рұқсат берілді

20.05.2020, 08:00 160

Қаланың төтенше жағдайлар басқармасы суға шомылуға рұқсат етілген жерлерді атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Суға шомылу маусымы жылдағыдай алтыншы айдың бірінде басталады. Оған дейін жағалау иелері айдындарды сүзіп, су түбіндегі қоқыстар мен қауіпті заттарды тазалап, дабылдарды орнатып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, құтқарушылар мен медициналық қызметкерлердің постын қойып үлгеруі тиіс.

– Облыс орталығында екі жерде шомылуға рұқсат берілген: «Самал» экологиялық паркінің аумағында және Сол жағалау кешініндегі «Көгілдір көлдерге». Шомылуға қатаң тыйым салынған сегіз жер бар. Өткен жылы ол жерлерде адам өлімі өте көп тіркелген. Жалпы демалуға арналған 370 орын бар. Қазіргі уақытта құтқарушылар оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Дастан Ахметов.   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив