KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Алтай стадионына жасанды жасыл газон төселеді

18.05.2020, 11:28 68

Көп жыл бойы Өскемен қаласындағы "Алтай" стадионы жөндеу көрмей, оған қаржы бөлінбей, әбден тозығы жеткен болатын. Жас спортшылардың жаттығу жасауына жағдай жасалынбай келе жатқаны жөнінде мәселе сан мәрте көтерілген еді.

Енді міне, стадионда көп күттірген жөндеу жұмыстары да басталды. Мұнда енді жасанды жасыл газон, спорттық жолақтар төселеді. Одан бөлек, әкімшілік ғимарат та күрделі жөндеуден өтіп, көрермендер үшін 300-400 орын, «стрит-воркаут» алаңдарын жасау көзделген.

- Мұнда Балалар және жасөсірімдер спорт мектебінің спортшылары жаттығады. БІр күнде алаңда 300 адам кеп, көгалды әбден тоздырады. Оны қызметкерлер суарады, баптайды, көтерілгенін бір күн бойы күтеді. Осылай қайталана беретін. Енді 70-тен 105 метрге дейінгі көлемдегі жасанды газон, жүгіру жолағы төселеді. Сондай-ақ, 300-400 орынға арналған орын мен стрит-воркаут алаңы пайда болады, - дейді қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Алмас Атаев.

Сонымен қатар, Чехов көшесі жағынан стадионға кірер жол да жөнделетін болды. Мердігерлер жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп отыр.

Айта кетейік, спорттық құрылымды жөндеу жұмыстары "Жұмыспен қамту жол картасы" республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив