KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

"Алтай" стадионы жөнделетін болды – Өскемен

4.11.2019, 11:24 83

Өскемендегі «Алтай» стадионы жөнделетін болды. Бұл қала әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– «Алтай» стадионы әкімшілігінің сұранысымен 2020 жылы стадионның ғимараты жөнделеді, – дейді №3 пәтер иелері кооперативінің жетекшісі Владимир Родчев.

Бұдан бұрын баспасөз бетінде жарияланған ақпаратта жөндеу жұмысының ішіне жүгіру жолағы мен газонды ауыстыру, көрермендерге арналған орын мен стрит-воркаутты жасақтау кіретіні айтылған болатын.

Айта кетейік, стадион әкімшілігінің бұған дейінгі сұраныстары қабылданбаған еді. Биыл ол іске асты. Жас футболшылардың келесі жылы жаңа алаңда доп тебуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив