KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Тағы да «5-10-20» туралы. Ескі үйлерден пәтер алуға болмай ма?

15.05.2020, 03:43 103

5-10-20" бағдарламасы аясында тек жаңа үйлерге ғана ипотека беріледі. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Tengri TV арнасына сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, жаңа үйлерге ипотека берілсе, құрылыс саласы жандана түседі. Бұл – дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі міндеті. Ал жаңа үйлердің құрылысы жанданса, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады.

- Бұл бағдарлама дағдарысқа қарсы жоспар аясында қолға алынып отыр. Сондықтан қайталама нарықтағы үйлерге ипотека бермеуге шешім қабылданды, кредит тек жаңа пәтерлерге ғана беріледі, - деді Ибрагимова Tengri TV арнасына берген сұхбатында.

"5-10-20" бағдарламасы бойынша әкімдіктер салған үйлер таратылады. Жекеменшік құрылыс компаниясынан да пәтер алуға болады. Алайда кредиттің сомасына шектеу қойылады. Пәтерге қол жеткізу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы бойынша 18 миллион теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент пен Қарағанды облысында 15 миллион теңге, қалған аймақтарда 12 миллион теңгенің шекті сомасын ұсынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу