KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да биыл 5 мың жер үй салынады

5.05.2019, 03:08 192

Ағымдағы жылдың соңына дейін облыста бес мың жер үй салынады. Бұдан бөлек 70 көппәтерлі тұрғын үйбой көтереді.

– Биыл 1120 пәтер қолданысқа беріледі. Бұл «7-20-25» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Бүгінде алты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, банктен ипотека алуға 547 азамат өтінім берген. Алайда оның ішінде 337-сінің ғана өтініші мақұлданды, – дейді облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділет Тұрысбек.

Айта кетейік, қазір «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотеканы сегіз банктен алуға болады. Оның ішінде «Центр кредит банкі», «ForteBank», «Цеснабанк», Еуразия және Халық банкі сияқты қаржы ұйымдары бар. Жалпы, жаңа бағдарламаның басты мақсаты халықтың екінші деңгейлі банктер арқылы ипотека алуына барынша жағдай жасау болған.

Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, тамыз айынан бері бұл бағдарлама арқылы баспана алуға ниет білдірген тұрғындардың саны артыпты. Бұл қуантарлық көрсеткіш екенін айта кеткен орынды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу