KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да малдың қырылу себебін анықтады

11.05.2020, 20:43 190

12 сәуірде Үржар ауданының Көктал ауылдық округінде малдың қырылып қалғаны туралы жазған едік. 20 сәуірде оқиға орнына арнайы комиссия жіберіліп, болған жағдайдың себебі анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ветеринария басқармасының ақпараты бойынша, 1 мамырда малдың пастереллезден (зоонозды инфекциялық жұқпа) қырылғаны белгілі болды.

Қазір Көктал ауылы аурудың эпицентрі болғандықтан, мұнда карантин жарияланған. Пастереллезге қарсы сауықтыру шаралары жүргізілуде.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аурудан барлығы 309 бас ірі қара қырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу