KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

Өскеменде газ сақтағыштар демонтаждалады

11.05.2020, 09:02 127

Өскеменде мектептердің маңындағы газ сақтағыштар демонтаждалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

12 мамырда демонтаж жұмыстарын жүргізетін мекемені анықтау бойынша өткізілген конкурстың нәтижесі белгілі болады.

Газ сақтағыштардың демонтаждалатыны туралы қала тұрғындарына көптен бері уәде беріліп келеді. Тұрғындар пайдаланбаса да, жүздеген газ сақтағыштар айтарлықтай аумақтарды алып жатыр. Өткен жылы қала тұрғындары газдың иісіне шағымданғандықтан Назарбаев даңғылы мен Беспалов көшесінде осындай пайдаланылмай тұрған екі резервуар алынып тасталды.

Қала әкімшілігі жуықта демонтаж жұмыстарының басталатынын айтып отыр. Ең алдымен білім беру мекемелерінің маңындағы газ сақтағыштар алынады.

- Барлық газ сақтағыштар коммуналдық меншікке беріледі. 12 мамырда конкурс аяқталады. Жеңіп шыққан компания демонтаж жұмыстарын қолға алады. Біз балаларға қауіп төндірмеуіміз керек, - деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, қала аумаңында жертөлелерді демонтаж жұмыстары да жалғасын табады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу