ШҚО-да балалар күніне орай ерекше акция жүріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында балалар күніне орай ерекше акция басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыста 2016 жылдан бері «Жүректен жүрекке» атты акция дәстүрлі түрде өтіп келеді. Мұндағы мақсат – бүлдіршіндер мен жеткіншектердің арман-тілегін орындау. Сол себепті іс-шара Балаларды қорғау күніне орайластырылады.
Негізінде акция 1 наурызда бсталып қойды. Яғни балақайлар екі айдан бері армандары жазылған хаттарды Tylek.kz сайтына салып жатыр. Әлі 1 маусымға дейін жалғасады. Ал қайырымды жандар, атымтай азаматтар балалардың хатын сайттан «жасырын» оқып, бүлдіршіндерге тосынсый жасап, қуанта алады.
– Балалардың хаты өте көп. Мәселен түрлі-түрлі кітап, ойыншық, спорттық құрал-жабдық алсам деген армандары бар. Кез-келген адам балалардың хатына жауап ретінде, оларға сыйлық жасай алады, – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.