KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Тағы да үш адамнан вирус анықталды - ШҚО

3.05.2020, 13:41 93

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды
(03.05.2020 ж. сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша).

Семейде COVID-19-ды 3 адам жұқтырғаны белгілі болды. Олардың екеуі 2003 және 2012 жылғы балалар, сондай-ақ, ұлдардың 1982 жылғы анасы.

2-мамыр күні отбасы мүшелері дене қызуы көтеріліп, денсаулық сыр бере бастаған соң учаскелік дәрігерді үйге шақырады. Алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексеру жүргізілді. 3 мамырда шыққан талдау нәтижесі олардың вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта. Облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған.

Эпидемиологиялық тексеру қолға алынған.

Облыста 03.05.2020 ж. жағдай бойынша 28 КВИ жұқтырған адам тіркелген, оның 3-уі сырттан келген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу