KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, З
498.55 524.28 4.75

Инфекция жұқтырған 2 адам туралы ақпарат - ШҚО

3.05.2020, 03:42 164

Семейде COVID-19 фактісі артты. Коронавирус инфекциясы тағы 2 тұрғында анықталып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Атап айтқанда, 1972 жылғы ер адам мен 1943 жылы туған әйел адам. Олардың барлығы 1952 жылғы зейнеткерден вирус жұқтырған, 1 мамырда диагнозы расталған науқастармен жақын байланыста болған адамдар. Осы санат негізінде тексеруден өткен.

Алгоритмге сәйкес, пациенттер инфекциялық стационарға оқшауланған. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта.

Эпидемиологиялық тексеру әлі де жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, қазіргі уақытта облыс бойынша 25 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-еуі сырттан келген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу