KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.58 520.84 5.44

ШҚО-да карантин кезінде онлайн концерттер өтуде

23.04.2020, 13:13 304

Әлемде қауіпті коронавирустық инфекцияның таралуына қарамастан мәдениет саласы өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
Шығыс Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жүктелген міндеттерді орындау мақсатында 2017 жылдан бері «Ертістің музыка әлемі» атты жоба жүзеге асырылуда. Оған аймақ басшысы Даниал Ахметов қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы «Ертіс концерт» КМҚК-ның директоры Данияр Мерғалиев мәлім етті. Айта кетейік, жобаның мақсаты - шығысқазақстандық композиторлардың туындыларын сақтау және оны халық арасында кеңінен тарату. Сондай-ақ жергілікті композиторлардың, орындаушылардың шығармаларын, аспаптық, хореографиялық шығармашылық туындыларын насихаттау. Шығыс Қазақстанда 2017 жылдан бері аталмыш жоба аясында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген іс шаралар өткізілуде. «Ертіс концерт» КМҚК-да кәсіби хореографиялық ансамбль құрылды. Ал бөлек өткен жылы «Ертістің музыка әлемі» жобасы аясында «Ертіс концертте» «Big band» атты джаз оркестрі мен «Әлем сазы» атты вокалдық-аспаптық ансамбль өз жұмысын бастады. Биыл ШҚО-да өтетін іс шаралар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылады. Данияр Мерғалиевтің айтуынша, тіпті төтенше жағдай кезінде де әртістер халықты адами және рухани тұрғыдан қолдау мақсатында жұмыс істеуде. «Біз біргеміз» акциясы аясында «Ертіс концерт» ұжымы мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен онлайн концерттер ұйымдастырылуда. Бүгін «Әлем сазы» ВИА мен «Ертіс концерт» солистерінің қатысуымен өткен онлайн концерт әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Биг-Бэнд» джаз оркестрі концертінің түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек Солист Н.Қабдоллаева мен "Алтай" фольклорлық ансамблінің қатысуымен "Шәмшіге арнау" атты концерт түсірілуде. Сондай-ақ "Ертіс концерт" солистері А.Мазкенованың фортепианода сүйемелдеуімен "Музыка для души" атты онлайн концерт өткізуде. Сонымен қатар "Ертіс концерт" жетекші солистерінің қатысуымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай "Поклонимся тем великим годам" атты онлайн концерт ұйымдастырылуда. В.Ткач пен Н.Қабдоллаеваның қатысуымен "Ән - шеру" челленджі өтуде. Оған қатысқан дәстүрлі әннің орындаушылары Е.Рысқали, Т.Абуғазы, М.Салықпаев, А.Тұрғанбаева, Қ.Оралбаева Абай Құнанбайұлының "Сегіз аяқ" атты туындысын орындады. Сондай-ақ "Күй тартыс" челленджіне оркестрлер (ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі мен Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі) қатысуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив