KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да бір күнде карантин талабын бұзғандарға қатысты 220 іс қозғалды

23.04.2020, 04:21 252

Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде карантин талаптарын сақтамай, көше кезген жаяу жүргіншілерге қатысты 220-дан астам әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жағдай 21 сәуір күні болды.  220-дан астам әкімшілік іс қозғалып, хаттамалар сотқа жіберілді. Еске салайық, төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғандар ескерту алыпқана қоймай, ақшалай айыппұл төлейді. Сондай-ақ 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Облыстың бас санитар- дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындар азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрі-дәмек мен медициналық бұйымдар сатып алу үшін ғана үйден шығу тиіс. Осы мақсатта тұрғындарға тақ және жұп рұқсаттамалар берілгені белгілі.

Дегенмен тұрғындардың көпшілігі коронавирустық инфекция қауіптілігін, шектеу шараларының маңыздылығын жете түсінеді. Мұны карантиндік аумақтарды бақылап жүрген жаяу полиция мен әскери нарядтардың жұмысы көрсетіп отыр: Тексерілген азаматтардың тек 1,4 пайызында ғана шектеулері бұзған.

ШҚО-ның полиция департаменті облыс тұрғындарынан енгізілген уақытша шектеу шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Бір адамның санитариялық талаптарға селқос қарауы – көпшіліктің өміріне қауіп төндіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив