KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Карантин талабына бағынбағандарға 26,5 мың теңге айыппұл салынады

27.03.2020, 10:41 116

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин режимі күшейтілген кездегі көшеде жүру талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Қоғамдық көліктің жұмысы мәселесін әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай қоғамдық көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. Саябақтар мен аллеяларда патруль жүргізіледі. Азаматтар үй жануарларын тұрғын үй маңында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шықса, алдымен ескерту жасалады, одан кейін 26 жарым мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфиріндегі мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды.

Одан бөлек, ТЖ кезеңіне билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу