KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

"Дәл қазір оқиға орнындамын" Аудан әкімі Асубұлақтың маңы өртеніп жатқанын айтты

22.04.2020, 09:32 245

Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы маңынан 5-6 км жерде құрғақ шөпт жанып, дала  өртеніп жатыр деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Жағдай бақылауда. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша әуе күзеті өрт сөндіру үшін тікұшақты іске қосты. Дәл қазір оқиға орнындамын", деп жазады аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің фейсбуктегі жеке парақшасына.

Аудан әкімінің айтуынша, Өрт сөндіруге 70 адам жұмылдырылған. 4 өрт сөндіру автоцистерналары, 3 Уаз, 3 Нива, 1 Газель автокөліктері өртке тартылды.

Оның ішінде 25 адам, 2 автоцистерна және 3 УАЗ - орман шаруашылығының жеке күштері, 10 адам - әуе күзеті, 14 адам, 2 автоцистерна, 1 Нива - Өрт сөндіру бөлімі, 21 адам, 3 техника - ауданның ЖАО.

Жану алаңы - 13 гектар. Қайта жанудың алдын алу мақсатында жиегін өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскеде сумен РДВ сыйымдылығы қамтамасыз етілген: 1000 литрден 2 сыйымдылық және 100 литрден 4 сыйымдылық.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив