Алтай ауданының әкімі соғыс ардагерімен кездесті
Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов Ұлы отан соғысының ардагері, Курск шайқасының қаһарманы Павел Васеленкомен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
Кездесу барысында соғыс ардагері өмірінің қызықты тұстары, отбасы, қызметі жайлы әңгімеледі. Әкім қарияға алғыс білдіріп, алда келе жатқан мерекесімен құттықтады.
- Барлық тұрғындар біздің ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жеке алғыс білдіргінен қалаған едік, алайда төтенше жағдайды ескерсек, біз оларға арнап ауқымды шаралар өткізе алмаймыз. Ұлы Отан соғысының әр ардагері мен әр тыл еңбеккері назардан тыс қалмайды. Оларға Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында бір жолғы төлем беріледі , - деп жазды Қалиқан Байғонысов.