Өскемен жарнама баннерлерін көшелерден жоғалтып жатыр
Қала билігінің айтуынша, жарнама баннерлері шаһардың келбетін бұзады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мәселен жақында ғана жұмысшылар Қазақстан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы баннер ілінген темір құрылғыны бұзды. Енді осы тұста көлік жүргізушілер оң жаққа еш қиындықсыз бұрыла алады.
Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, коммуналдық қызметкерлер Спорт сарайы маңындағы, Ушанов алаңындағы және Чехов көшесіндегі жарнама ілінетін темір құрылғыларды алып тасаған. Бұл жұмыстар бір жағынан қала келбетінің көркемденуіне, екінші жағынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Оқи отырыңыз