KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,1 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

Ертеректе салынған үйлерді бастапқы келбетіне келтіреді – Өскемен

13.04.2020, 06:03 256

Өскемендегі Чехов көшесі кеңейтіліп, ондағы ескі үйлердің келбеті бастапқы қалпына келтіріледі.

– Қаладағы ертеректе салынған үйлерді бастапқы келбетіне келтіру керек. Мәселен, Чехов–Горький көшелерінің қиылысындағы және Достық үйі маңындағы ғимараттарды жөндеген абзал. Сонымен қатар, ондағы жарнама баннерлері алынсын. Бюджеттен қаржы қарастырамыз, – деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар аймақ басшысы көшелерді жөндеу жұмысын жеделдетуді тапсырды.

– Қазіргі уақытта қала ішінде көлік аз. Сенбі-жексенбіде тіптен мәшинелердің 70 пайызы жүрмейді. Осы уақытты пайдаланып жұмысты өндіру керек, – деді ол.

Қала әкімі Жақсылық Омар Чехов көшесі кеңейтілетінін жеткізді. Ондағы Лихаревтің мүсіні осыған байланысты алынады.

– Православиелік шіркеу басшылығы Лихаревтің мүсінін шіркеу ауласына орнатуды сұрады, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу