KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Таиландтағылардың Өскеменге ұшып келетінін SCAT растады

14.04.2020, 05:54 278

 

SCAT әуе компаниясы «Бангкок – Өскемен» чартерлік рейсі ұшатынын растады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі УК-ньюс сайтына сілтеме беріп.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Азия елдеріндегі қазақстандықтарды Өскеменге алып келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

«Бангкоктен (Таиланд) 14 сәуірде шыққан ұшақ сол күні Данпасар (Индонезия) мен Ханойға (Вьетнам) қонады. Өскеменге 15 сәуір күні жетеді», - деп жазды УК-ньюс.

Мұнымен қатар, бұл ұшақта Ресей азаматтары да болуы мүмкін. Таиландтағы Ресей елшілігі өз отандастарына «Қазақстан елшілігімен келісімге келгенін» ресми хабарлаған.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Бангкок – Өскемен» чартерлік әуе рейсін шығарғаны мәлім. Осы рейспен елге қайтуды ойлаған Ресей азаматтары да ұша алады. Біз Таиландтағы Қазақстан елшілігімен келістік. Ұшақтағы орын саны шектеулі. Билет бағасы: 500 доллар. Баса айта кетерлігі, азаматтардың Өскеменнен Ресей шекарасына және одан ары қарай үйіне жетуі өздерінің қолдарында. Ондағы карантин ережелерін де сақтай білулері керек», – деп жазған олар өз елшіліктерінің ресми сайтында.

Бір айта кетерлігі, бұл әуе рейсі туралы жергілікті басшылық әлі ештеңе айтпады. Қала тұрғындарын «Ұшақта қанша адам?», «Келушілер карантинге алына ма?», "Олар қай ауруханаға жеткізіледі?" деген сұрақтар мазалауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу