KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Шетелден 180 адам ұшып келді. Боинг 757 Өскеменге қонды

15.04.2020, 07:11 228

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Азия елдеріндегі қазақстандықтарды Өскеменге алып келуді жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз. Бүгін бортында 180 жолаушысы бар Боинг 757 ұшағы Өскеменге келіп қонды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі ұшақ бортында 180 жолаушының ұшып келген растап отыр.

Олардың көбі қазақстандықтар, сонымен қатар Ресей мен Қырғызстанның азаматтары да бар.

Санитарлық дәрігерлер әуежай алаңында жолаушылардың ыстығын тексеріп, арнайы тестілеуден өткізіп жатыр.

Кеше ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі шетелден келе жатқан жолаушылардың барлығының денсаулығы тексерілгенін, ешқайсысы вирус жұқтырмағанын айтқан болатын.

Мамандардың хабарлауынша, Ресей азаматтары бірден өз елдеріне әкетіледі. Басқа жолаушылар оқшауланып, арнайы карантинге жатқызылады. Олардың қанша уақытқа  оқшауланатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Бангкоктен (Таиланд) 14 сәуірде шыққан ұшақ сол күні Данпасар (Индонезия) мен Ханойға (Вьетнам) қонған болатын. Бүгін Өскеменге ұшып келді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу