KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Вьетнам мен Тайландта жүргендер тегін қайтқысы келеді

10.04.2020, 12:10 147

Індет кезінде шетел асып, демалуға кеткен қазақстандықтар енді елге оралу үшін Үкіметтен көмек сұрап отыр.  ҚР Сыртқы істер министрлігі үш елден – Индонезия, Таиланд, Вьетнамнан 150 адамды алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырды. Алайда жолаушылар билет құнын өз қалтасынан төлеуге келіспейді. Олардың айтуынша, жолақысы мемлекет есебінен төленуі тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Айбек Смадияровтың айтуынша, министрлік шетелдерге шықпау туралы ұсыныс жариялаған сәттен бастап (27 ақпан мен 16 наурыз аралығында) елден 435 мың адам шығып кеткен. Көпшілігі оралған көрінеді. Алайда ірі қалалардағы әуежайлар жабылғаннан кейін, брондалған билеттерге сенген біраз адам қайта алмай қалған екен.  

– 10 күн бұрын қазақстандық туристер арнайы борт ұйымдастырылуын сұрады. Біз чартер жібере алатын SCAT компаниясымен келістік. Алайда енді жолаушылардың жартысы билетке $500 төлеуден бас тартып отыр. Тегін алып кетуді сұрайды.  Бірақ оларды ол жаққа ешкім күштеп жіберген жоқ. Оның үстіне індет іргеге кеше ғана келген жоқ. «ТЖ режимі туралы хабарланғанда, неге ертерек қайтпадыңыздар деп сұрадық. Ал олар «жұмысымыз болды», «соңына дейін демалғымыз келді» деп жауап қатты.  Үкімет әу баста-ақ ешкімді тегін әкелмейтінін мәлімдеген. Содан кейін «эвакуация» деген сөздің қазіргі жағдайға қатысы жоқ, – деп кесіп айтты Айбек Смадияров.

Қазіргі уақытта СІМ елге оралғысы келетіндердің тізімін жасап жатыр. Рейстің уақыты әлі нақтыланбады. Сондай-ақ кеше Таиландтағы Қазақстан елшілігі Facebook-те чартердің Өскемен қаласына қонатыны туралы ақпарат таратты. Алайда бүгін ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов аталмыш маршруттың соңғы нүктесі әлі бекітілмегенін айтты. Бұл шешімді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктерімен бірге ведомствоаралық комиссия мүшелері қабылдайды екен.

Сондай-ақ бұған дейін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туристік компаниялардың клиенттерге 4,6 млрд теңге борыштар екенін мәлімдеді. Оның ішінде туристік фирмалар 1,9 млрд теңгені авиакомпанияларға депозиттерке, ал 2,7 млрд теңгені қонақ үйлерге берген. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ол қаражатты қашан және қалай қайтарып алуға болатыны туралы да жазды .

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу