KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Таиландтан келген туристер қайда орналасты?

16.04.2020, 03:44 154

Таиландтан Өскеменге ұшып келген отандастар мен Қырғызстан азаматтары "арнайы дайындалған стационарға жатқызылды".

Кеше Өскемен әуе жайына «Бангкок – Өскемен» рейсі келіп қонды. Бортта Қырғызстан, Ресей және Қазақстан азаматтары – барлығы 179 адам болған. Жолаушылардың екеуі бала.

Облыстағы бас санитариялық дәрігердің міндетін атқарушы келгендерден вирус белгісі анықталмағанын, оларға жаңа тұмша (маска) беріліп, жолаушылардың құрал-жабдығы мен ұшақ іші толықтай дезинфекцияланғанын айтты. «Дәрігерлер де барлық қауіпсіздік шарасын сақтады»

– Отандастарымыз бен Қызрғызстан азаматтары арнайы стационарға жатқызылды. Мекеме аумағына полиция күзет қойды. Келгендерді санитариялық-эпидемиоологиялық қызмет және медицина қызметкерлері қарауына алды, – деді Марат Исмаилов, бас санитариялық дәрігердің міндетін атқарушы.

Ал Ресей азаматтарын, Марат Исмаиловтың айтуынша, әуежайдан түсе сала алдын ала дайындалған бірнеше автобусқа отырғызып, полиция ел шекарасы – «Уба» бекетіне дейін шығарып салды.

Мұндай чартерлік рейстер бұған дейін Павлодар, Талдықорған, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Атырау сынды бірнеше қалаға келген.

Бейресми ақпарат көздерінде шетелден келгендердің Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы шипажайға орналастырылғаны айтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив